«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
08.05.2022
162 просмотров
ПМХЗ үстел теннисінен біріншілік өткізді

Зауыт қызметкерлері «ПМХЗ» ЖШС құрылымдық бөлімдерінің арасында өтіп жатқан спартакиада аясындағы спорттық жарыстарға белсенді қатысуда. Бұл жолы олар үстел теннисінен жүлделі орындарға таласты.

2022 жылдың 8 мамырында кәсіпорын қызметкерлері жеңімпазды анықтау мақсатында «JENIMPAZ» үстел теннисі орталығында жиналды.

 Бір қарағаннан бұл спорт түрі оңай көрінуі мүмкін, алайда шын мәнінде ойын барысында спортшыдан шапшаңдық, тәсілқойлық және зейіннің жақсы болуы талап етіледі. Үстел теннисі қозғалыс дағдылары мен байсалдылықты дамытып, соққы күші мен оның дәлдігін бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша 12 қатысушының арасында «үздік» атағы үшін талас қызу өрбіді.

Тамаша тартыстың қорытындысы бойынша Дастан Жұмалиев (АМҚӨӨ) жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. 

Оның әріптесі Серікболат Теміралин (МБӨӨ) екінші орынға лайықты ойын көрсетіп, сөренің екінші сатысына жайғасты. 

Ал «УПНК-ПВ» ЖШС серіктес компаниясының өкілі Анатолий Журба «қоланың» иегері атанды.

Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысшылары арасындағы спартакиада дәстүрлі түрде бірнеше жарыс түрі бойынша өткізіледі. Мини-футбол, шахмат, тоғыз құмалақ және баскетбол спорт түрлерінің жеңімпаздары белгілі болса, мергендік сайысы, гір көтеру, армрестлинг және «Әкем, анам және мен» эстафетасының мықтыларын анықтау алдағы демалыстардың еншісіндегі іс.

Зауыт белсенді демалыс пен салауатты өмір салты қағидаттарын қолдайды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу