«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
07.05.2022
173 просмотров
ПМХЗ қызметкерлерінің арасында шахмат пен тоғыз құмалақтан жарыс өтті

ПМХЗ-ның құрылымдық бөлімдерінің арасындағы спартакиада жалғасуда. Кәсіпорынның 20-дан астам жұмыскері шахмат пен тоғыз құмалақ ойындары бойынша тартысқа түсті. Қатысушылар қатарынан көрінуге «УПНК-ПВ» ЖШС атты серіктес компания өкілдері де ниет танытты.

2022 жылдың 7 мамырында «Chess» шахмат академиясының қабырғасында шахмат және қазақтың ұлттық ойыны тоғыз құмалақтан кәсіпқой ойыншылардың арасында интеллектуалды сайыс өтті. 

Шахмат тақтасында орын алған күресте бұл спорт түрінің кіл мықтылары бақ сынасып, өзара жеңімпазды анықтады. 

Ойын қорытындысы бойынша Ғабит Меңдігереев («УПНК-ПВ» ЖШС) бас жүлдені қанжығасына байласа,

Марат Мейірханов (Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ) «күмісті» қанағат тұтты. 

Ал Әлібек Насырыбаев (Мұнайды алғашқы өңдеу өндірісі (МАӨӨ) үшінші орынның иегері атанды.


Дәл осы күні тоғыз құмалақ ойындарының да жеңімпаздарын тұғыр төрінен көре алдық. 

Бірінші орын Чмыхало Русланға (Күкірт өндірісі және жалпызауыттық шаруашылық) бұйырды.

Екінші орынды Бейсекен Қойшыбай (Ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру кешені) 

және «қоланы» Марат Мақанов (Мұнайды терең өңдеу өндірісі) иеленді. 

«УПНК-ПВ» өкілдері турнирге тыс қатысқандықтан, шахмат жарысында зауыт жұмысшылары арасындағы орындар келесідей бөлінді:

Бірінші орын Марат Мейірханов (Мұнай өнімдерін қоспалау және жөнелту).

Екінші орын Әлібек Насырбаев (Зауыт басқармасы).

Үшінші орын Қабидолла Файзуллин (Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі).

Осылайша жеңімпаздар жалпыкомандалық есепте еншілеріне ұпай қосып, топтарын қатарластарынан бір саты алға шығарды.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу