«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
15.05.2022
123 просмотров
Павлодар мұнай-химия зауытында баскетболдан жарыс өтті

Зауыт қызметкерлері арасындағы спартакиаданың тағы бір кезеңі өткен демалыста ұйымдастырылды. Мамыр айынының 14 және 15 жұлдыздарында «Автомобилист» спорт кешенінде жеті бірдей команда кездесті.

Жарыстың алғашқы күні ойыншылар финалға жолдама алу үшін өзара бақ сынасты. 

Ал жексенбі күні ақтық сайсқа суырылып шыққан командалар арасында шын үздіктер анықталды. Спорттық тартыстың қорытындысы бойынша Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің (МКТӨ) баскетболшылары бәрінен басым түсіп, қанжығалары І дәрежелі дипломмен және қаржылай сыйлықпен майланды. 

Ерекше шапшаңдық пен шеберлік көрсеткен Мұнайды терең өңдеу өндірісінің (МТӨӨ) ойыншылары екінші орын иегерлері атанды. 

Жақсы ойын көрсетіп, үздік үштікті тәмамдаған – Ауыр мұнай өнімдерін өңдеу өндірісінің (АМӨӨӨ) спорт сүйерлері.

Сондай-ақ жексенбі күні ойын барысында ерекше көзге түскен спортшылардың нәтижелері жеке-жекелей аталып өтті. 

Осылайша үздік ширатушы атағына Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің ағызушы-құйып таратушысы Данил Ткаченко ие болды. 

Мұнайды терең өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторы Дмитрий Мацилецкий үздік қорғаушы атанды.

 Ал үздік шабуылшы номинациясы төрешілердің шешімі бойынша Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің ағызушы-құйып таратушысы Ғалымов Рустамға берілді.

Аталмыш спартакиада шеңберінде мамырдың 21-22-сі аралығында зауыт қызметкерлері арасында армрестлинг пен волейболдан жарыс өткізілмек.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу