«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
03.06.2022
185 просмотров
Павлодарлық мұнай өңдеушілері Қазақстанның әнұранын орындады

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында зауыттың 30-ға жуық қызметкері Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

Осылайша, зауыт жұмысшылары патриотизм сезімін және Тәуелсіздіктің басты рәміздерінің біріне құрметін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, елдің елтаңбасы, туы және әнұраны 1992 жылы 4 маусымда құрылды, ал 2006 жылы жаңа әнұран бекітілді. Оның негізі халық арасында танымал "Менің Қазақстаным" әні болды.

Бүгін Қазақстанды бүкіл әлем біледі және биыл еліміз мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын атап өтуде.

Павлодар МХЗ қызметкерлері мемлекеттік әнұранды орындаған видеосы біздің сайттың видеогалереясында қолжетімді.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу