«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
29.05.2022
166 просмотров
 ПМХЗ өз қызметкерлері үшін көңілді отбасылық старттар ұйымдастырды

Зауыттың құрылымдық бөлімшелері арасындағы дәстүрлі Спартакиада бағдарламасына спорттың әр түрі ғана кірмейді: мини-футбол, шахмат, баскетбол, кір спорты, армрестлинг және ату, сонымен қатар көптеген зауыт жұмысшыларының сүйікті «Әкем, анам, мен» эстафетасы.

Жарыс қаланың орталық стадионында өтті. Көңілді старттарға жеті команда қатысты – ата-аналар және олардың 11 жасқа дейінгі балалары. Жарысқа қатысушылардың ең кішісі небәрі 7 жаста.

Эстафета он кезеңнен тұрды. Мысалы, қатысушыларға допты сақинаға лақтыру, қолдарына кегль алып жүгіру, қашықтықты барлығымен, бүкіл отбасымен бірге жүгіру керек болды.

Жусупбаевтар отбасы жеңімпаз атанды. Отағасы кәсіпорында 13 жыл еңбек етеді . Мирас Жусупбаев Мұнай өнімдерін сығымдау және жөнелту өндірісінде тауар операторы болып жұмыс істейді. Жұбайы Айдана екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр.

Екінші орында - Хасеновтар отбасы. Аяз Хасенов-Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің ауысым бастығы. Отбасында үш бала тәрбиеленуде.

Жеңімпаздар үштігін Баубековтар отбасы тұйықтайды. Отағасы Жасулан Баубеков Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылықтағы аминді регенерациялау және қышқыл ағындарды булау секциясында технологиялық қондырғылардың операторы болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылар үш баланы тәрбиелейді: екі ұл және қыз.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу