«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
29.05.2022
223 просмотров
ПМХЗ жарыстары пневматикалық мылтықтан ең жақсы атқыштарды анықтады

29 мамырда дәлдікте Павлодар МХЗ бөлімшелері мен «УПНК-ПВ» ЖШС серіктестік компаниясынан сегіз команда сайысқа түсті. Қатысушылардан нысанаға 25 метр қашықтықтан дәл ату талап етілді. Алдымен мергендерге үш сынақ атуға рұқсат етілді, келесі бесеуі есепке алынды.

ПМХЗ-да кіші калибрлі винтовкадан ату бойынша жарыстар жыл сайын құрылымдық бөлімшелер арасында спартакиада бағдарламасының бөлігі ретінде өткізіледі. Биыл «УПНК-ПВ» ЖШС серіктестік компаниясының қызметкерлеріне қатысуға рұқсат берілді. Қатысушылар арасында жалғыз қыз зауыт бюасқармасының атынан сайысты.

Әр цехта екі қатысушы болды, олардың нәтижелері командалық есепте жеңімпазды анықтау үшін жинақталды.

Нәтижесінде бірінші орынды МСЖӨ (мұнай өнімдерін сығымдау және жөнелту өндірісі), екінші орынды АМҚӨӨ (ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі) командасы алды. Көшбасшылар үштігін МБӨӨ (мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі) өкілдері тұйықтайды.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу