«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
28.05.2022
235 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері арасында кір спортынан  жарыс өтті

Кір спорты бойынша біріншілікке 15 адам қатысты. Зауыт жұмысшылары екі салмақ санатында өнер көрсетті – 78 килограммға дейін және 78 килограмманан артық.

Спартакиада аясында классикалық қоссайыс емес, бір ғана жеке жаттығу - жұлқи көтеру өткізілді. Жеті минут ішінде қатысушылардың әрқайсысы кірді ең көп рет көтеру керек болды. Таңдау бойынша кірдің салмағы 2,5 коэффициентімен 24 немесе 16 килограмм болды.

 Кірді жұлқи көтеріп, оны тік қолға бір секундқа ұстап қалу керек болды.

Жарыс «Витязи» кір спорты және армрестлинг клубында өткізілді. 

Әр өндірістен әр түрлі салмақ санаттарында бірден төртке дейін қатысушы өнер көрсете алды, бірақ тек екі үздік нәтиже есепке алынды.

Командалық есепте Мұнай өнімдерін сығымдау және жөнелту өндірісінің қызметкерлері үздік атанды. Екінші орында – Күкірт өндіру және жалпы зауыт шаруашылығы командасының кір спортшылары. Мұнайды терең өңдеу өндірісі үшінші орында.

Жеке есепте 78 килограмман артық санатта бірінші орында Владимир Батяшов болды. 7 минут ішінде ол 24 киллограмдық кірді 160 рет көтерді. Екінші орында – 86 рет көтеру нәтижесі бар Андрей Гармазов. Көшбасшылар үштігін Марат Турсынханов тұйықтайды, оның нәтижесі - 70 рет көтеру.

78 килограммға дейінгі салмақта бірінші орынды Сергей Ершов жеңіп алды. Ол салмағы 24 килограмм болатын кірді 84 рет көтерді. Екінші орынды Марат Сембин иеленді. Үшінші орында - Болат Искаков.  

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу