«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
15.06.2022
148 просмотров
ПМХЗ қызметкерлеріне төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі айтылды

Оқытуды Павлодар облысы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы полковник Қайрат Бертібаев және «Қызыл жарты ай» еріктілері жүргізді.

Кәсіпорын қызметкерлеріне олардың әрқайсысы ТЖ туындаған кезде қалай әрекет ету керектігін еске салды. Қажет болған жағдайда басқару пунктінің қызметкерлерін хабардар ету үшін қолданылатын схеманы көрсетті. Азаматтық қорғаныс жоспарымен таныстырды.

Дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмекті қалай көрсетуге болатынын ПМХЗ қызметкерлеріне «Қызыл жарты ай» еріктілері айтып берді.

- Зауыт-бұл техногендік сипаттағы ТЖ орын алуы мүмкін қауіпті объект. Сондықтан біз кәсіпорын қызметкерлеріне алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс көрсеттік. Егер адам есінен танып қалса, оның жүрегі тоқтап қалса немесе үлкен артерия зақымдалса, дәрігерлер келгенге дейін не істеуге болатыны туралы айттық. Біз көп теория берген жоқпыз - біз әңгімелесіп және бірден іс-жүзінде жұмыс істедік, залдан еріктілерді шақырдық. Жүрек-өкпе реанимациясы манекенде жасалды. Теорияда білу жеткіліксіз, оны жасай білу керек. «Қызыл жарты ай» ҚБ Павлодар филиалының жетекшісі Гульнара Исаканова: «Байлаусыз таңуды қалай жасауға, қатты қан кетуді қалай тоқтатуға болатынын көрсеттік», - дейді.

Зауыт жұмысшылары үшін ТЖ Департаменті мен еріктілер кәсіпорын басшылығының бастамасымен оқыту жүргізді. Басты мақсат - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу үшін қажетті білім мен дағдыларды жетілдіру, өндірістік жарақаттануды барынша азайту.

ПМХЗ басшылығы үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі әрқашан басымдыққа ие. Бүгігі күні кәсіпорында мамандандырылған апаттық-құтқару қызметтері құрылған. ТЖ министрлігінің талаптарына сәйкес азаматтық қорғаныс жоспарлары әзірленді. Азаматтық қорғаныс құралымдары құрылды: санитариялық жасақ, қорғаныс құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі топтар, қоғамдық тәртіпті қорғау командасы,байланыс буыны және құтқару командасы.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу