«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
06.07.2022
165 просмотров
ПМХЗ балаларға мереке сыйлады

ПМХЗ Жастар ісі жөніндегі кеңесінің өкілдері Песчан түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Өткізілген ойын-сауық шара балалар үшін нағыз тосын сыйға айналды. Аниматорлар ұйымдастырған сайыстарға бар бүлдіршіндер белсенді қатысып, жүлделерге ие болды.

ПМХЗ Жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағасы Даниял Әбілдин зауыт ұжымы атынан шынайы және жылы лебізін білдірді. Жас белсенді алда әлі де осындай кездесулердің көп болатынын ерекше атап өтті.

Ойын-сауық бөлімінен кейін мұнайшылар мектеп тәрбиеленушілерімен емін-еркін әңгімелесті. Балалар мерекеден алған жарқын әсерлерімен және ұмытылмас эмоцияларымен бөлісті. Соңында олардың әрбірін жаздың сүйікті тәттісі - балмұздақ күтіп тұрды.

Іс-шараны ұйымдастырушылары - ПМХЗ технологиялық қондырғылардың операторлары Жаналы Жәнібек пен Қойшыбай Бисекиннің айтуынша, балалар жүзіндегі қуаныш ниеттері үшін - ең бағалы марапат.

Жалпы алғанда, зауыт жұмысшылары тағдыры күрделі 56 бүлдіршінді қамтыды.

Айта кетерлігі, ПМХЗ көп жылдан бері Песчан түзету мектеп-интернатының өміріне белсенді қатысып келеді және жыл сайын тәрбиеленушілеріне көңіл бөлу дәстүрге айналды.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу