«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
07.07.2022
169 просмотров
Экология ПМХЗ және аутсорсингтік компаниялары қызметкерлері балаларының көзқарасымен

ПМХЗ экологиялық бастамалары табиғатқа ұқыпты қарау саясатымен шектелмейді. Жыл сайын Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай “Мұнай өңдеуші” жергілікті кәсіподағы” ҚБ қолдауымен осында зауыт және аутсорсингтік компаниялары қызметкерлерінің балалары салған суреттердің байқауы өткізіледі. "Таза әлем – Чистый мир" шығармашылық конкурс биыл ел Президенті жариялаған Балалар жылына да орайластырылды.

Бүлдіршіндердің көркем-сурет туындылары галереядағы картиналар сияқты тартымды және олар жаһандық мәселелерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Байқаудың бастамашысы және ұйымдастырушысы – «ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөліміне 48 бірегей жұмыс келіп түсті. Қазылар алқасының алдында күрделі таңдау тұрды, өйткені әрбір сурет ерекше назарға лайық. Бірақ кез келген байқаудың шарты - жеңімпаздардың анықтауы, сондықтан 5-10 және 11-15 жас аралығындағы конкурсанттардың екі топтағы мұқият іріктеу барысында алты бақытты жүлдегер анықталды.

Нәтижесінде «Алтын қылқалам» номинациясы Әмір Қасаев пен Мират Бағдатқа бұйырды.

Күмісті Арсен Баженов пен Зейнелхан Әбілқияс алды.

Ал «Қола қылқаламды» Григорий Терёхин мен Айғаным Қожабек иеленді.

Мадақтау салтанаты алдында балаларға ата-аналары еңбек ететін кәсіпорынның тарихымен шағын танысу - зауыт мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

 Содан кейін салтанатты түрде "ПМХЗ" ЖШС Бас директорының міндетін атқарушысы Саятай Әліпбаевтың қолынан бүлдіршіндерге марапаттары табысталды. Шара соңында конкурсқа қатысушылар ата-аналарымен бірге асханаға шақырылып, тәтті тағамдардан жасақталған дастарханнан дәм татты.

Биыл  Дүниежүзілік қоршаған орта күні деп ресми жарияланғанына елу жыл толды. Осы орайда айта кету жөн, ПМХЗ әрдайым заманмен қатар жүреді және өндірістік қызметтегі экология мәселелері бойынша барлық мүдделі тараптармен ашық диалогты қолдайды, ал жоғары айтылған конкурстағы жас авторлардың барлық көркем-сурет туындылары дәстүрлі түрде зауыт мұрағатында естелік ретінде қалады.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу