«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
08.07.2022
230 просмотров
ПМХЗ қызметкері "Экология саласындағы жетістіктері үшін"  марапатқа ие болды

"Экология саласының үздігі" төсбелгісі қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Игорь Оноприенкоға табыс етілді.

Маусымның басында Игорь Оноприенко Ақтаудағы халықаралық конференцияда ПМХЗ экологиялық көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Оған халықаралық ұйымдардың, мұнай, тау-кен металлургия, химия және энергетика кластерлері компанияларының өкілдері қатысты.

Конференция Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында өтті. Оның мақсаты -тәжірибе алмасу. Өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері экологиялық реттеу және мониторинг, ресурс үнемдеу технологиялары, атмосфераға шығарындылар көлемін азайту мәселелерін талқылады.

- Кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялары соңғы үш жылда 2,5 миллиард теңгеден асты. 2020 жылы ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін баяулатып кокстеу қондырғысында компрессорлық станция пайдалануға берілді. Бұл технологиялық шешімнің экологиялық әсері: сұйық отынды тұтынудың төмендеуі, шырақты жүйесінде газды жағу көлемінің төмендеуі, шырақты жүйесінен ластаушы заттар шығарындыларының төмендеуі болды, - деп хабарлады Игорь Оноприенко.

Өз сөзінде ол қоршаған ортаға жүктемені азайту үшін ПМХЗ-да қолданылатын басқа да технологиялық шешімдер туралы айтты. Атап айтқанда, зауытта қалдықтарды көму әдісін қолданудан бас тартуда. Бір жыл ішінде Flottweg қондырғысында 26,7 мың тоннадан астам мұнай қоқыры өңделді. Залалсыздандыру және қайта өңдеу үшін мамандандырылған кәсіпорынға құрамында мұнай бар 3,5 мың тонна қатты қалдықтар жіберілді.

ПМХЗ мамандары жаңа жобалармен жұмыс істеуді жалғастыруда. Олардың қатарында - сұйытылған көмірсутекті газдарды тазарту қондырғысын құру және дизель отынын гидротазарту қондырғысын қайта жаңғырту. 2023 жылы шығарындылар көздеріне мониторингтің автоматты жүйесін орнату бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу