«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
11.07.2022
347 просмотров
ПМХЗ инновациялық идеяларды қалыптастыру жолында

"Идеялар банкі" онлайн-платформасы іске қоылған сәттен бастап алты мыңнан астам пайдаланушы тіркелді, 539 идея өңделді және оның 193-і тиімді деп танылды - мұндай құқымды деректерді платформа жұмысындағы өзгерістерді түсіндіру үшін келген "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ өкілдері ПМХЗ қызметкерлеріне жария етті.

 

Инновациялық шешімдерді өндіріске енгізу жөніндегі жүйелі жоба павлодарлық мұнай өңдеушілері арасында басынан бастап қызу қолдау тапқан болатын. Мәселен, 2013 жылы ПМХЗ-да алғаш рет қызметкерлер арасында үздік рационализаторларды анықтаған болатын, ал екі жылдан кейін зауыт "Үздік рационализаторлық шешім" республикалық конкурсында финалға шықты.

Зауыт жұмысшыларын өздерінің шығармашылық әлеуетін пайдалануға тарту жалғасуда. Алайда, жаңашыл ұсыныстарды дәріптеу және генерациялау бойынша үлкен жұмыс жүргізілгеніне қарамастан, соңғы уақытта онлайн-платформада өтінімдер мен мақұлданған идеялар санының төмендеу динамикасы байқалуда. Осыған байланысты "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ ағымдағы жылы "Идеялар банкі" функционалын кеңейту бойынша жұмысты жоспарлады.

Зауыт қызметкерлерін мақұлданған өзгерістермен "ҚМГ" мамандары - цифрландыру және трансформациялау департаментінің цифрландыру секторының бастығы Рамиль Теленчинов және цифрландыру және трансформациялау департаментінің цифрландыру секторының жетекші маманы Абай Нақыпбеков таныстырды. Жаңашылдықтар ішінде инновациялық комитеттің белсенді мүшелерін онлайн-платформада тіркеу бар, оның ішінде ПМХЗ-дан 20 адам көзделген. Сондай-ақ, қабылданған идеялар бойынша ай сайынғы есеп беру және үздік рационализаторлардың рейтингін анықтау қарастырылған.

Егер бұрын инновациялық ұсыныстар қағаз жүзінде қаралып, есепке алу журналында тіркелген болса, енді барлық жұмыс тек онлайн режимінде – әкімшінің электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 2023 жылға дейін "ҚМГ-Құмкөл" ЖШС түскен өтінімдердің мәртебесін қадағалау, қарау және келісу функциялары көзделген мобильді қосымша әзірлейді, бұл бүкіл процесті айтарлықтай оңтайландырады және оның ашықтығын қамтамасыз етеді.

"Идеялар банкі" онлайн-платформадағы өзгерістердің басты мақсаты - басшылықтың қызметкерлерімен өзара қатынастарын автоматтандыру, жүйелеу және соңғыларын инновациялық ұсыныстарды әзірлеуге ынталандыру екенін атап өткен жөн. Сондықтан "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ қызметкерлерінің көшпелі кездесуі ақпараттық ғана емес, уәждемеу сипатта да болды. Қонақтар ПМХЗ барлық цехтарын аралап, әр қызметкерге көңіл бөлді, түрлі пікірлерді тыңдады және туындаған барлық сұрақтарға жауабын берді.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу