«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
11.07.2022
152 просмотров
ПМХЗ-на жаңа бас директор тағайындалды

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының шешімі бойынша «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жаңа бас директоры тағайындалды. Ол Қуаныш Бишімов болды.

 

Павлодар МХЗ жаңа басшысын 2022 жылғы 11 шілдеде кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу және мұнайхимия департаментінің директоры Дмитрий Макеев таныстырды.

Анықтама:

Қуаныш Ердәулетұлы Бишімов.

1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар – техникалық (инженер-механик) және заңгерлік.

Еңбек жолын 1994 жылы №3 Қарағанды автобус паркінің ТББ механик-бақылаушысы, өндіріс диспетчері болып бастаған.

1998 жылы Қарағанды облысы және Қостанай облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, бас инспекторы болды.

2001 жылы еңбек жолын ҚР Экономика және сауда министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің экспорттық бақылау басқармасының бас маманы, бастығының орынбасары ретінде жалғастырды.

2003 жылдан бастап «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ жүйесінде жұмыс істеді. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қорғаныс өндірістері департаментін, кейін техникалық даму жобаларын басқару департаментін басқарды.

2005 жылы Ақмола облысындағы ірі машина жасау кәсіпорны «Тыныс» АҚ-ның директоры болды.

2010 жылы «Қазақстан Инжиниринг ҰК» АҚ-ны компанияның вице-президенті ретінде басқарды.

2011 жылы - «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры.

2017 жылы – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі.

2019 жылы - «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2020 жылдан бастап 2022 жылдың 7 шілдене дейін - ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК бас директоры

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», «ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл» медальдарімен, «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталды.

 

    «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Вадим Белошенко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу