«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
01.07.2022
138 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері ҚМГ  Спартакиадасының іріктеу кезеңіне қатысты

Шілде айының басында ПМХЗ қызметкерлері "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ компаниялар тобы Спартакиадасының іріктеу кезеңіне қатысу үшін Қызылордаға барды. Ауқымды іс-шара бүкіл Қазақстаннан 34 ұйымды қамтыды. Павлодарлық мұнайшылар спорттың тоғыз түрінен жарысты және алты номинация бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Спартакиаданың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және корпоративтік рухты нығайту.

Оңтүстік қаласында әріптестерімізді іс-шараны ұйымдастырушылар қарсы алды. Ашылу салтанатынан кейін арнайы дайындалған спорт залдарында баскетбол, волейбол, шағын футбол, жүзу, шахмат, тоғыз құмалақ, үлкен және үстел теннисінен турнирлер басталды. Сондай-ақ, әуесқой спортшылар 100 метр қашықтыққа жеңіл атлетикалық кросс жүгірді.

Спартакиада регламенті бойынша әр қатысушы тек бір спорт түріне атсалысты. Командалық ойындарда құрамалар жеребе тастау арқылы топтарға бөлінді. Ал кейбір бағыттар бойынша әйелдер мен ерлер жеке жарысты.

Мәселен, шахмат бойынша жалпы командалық есепте жеңіске біздің әйелдер құрамасы қол жеткізді, ал волейбол мен баскетбол жарысында ПМХЗ ерлері ең мықты ойын көрсетті. Сонымен қатар, павлодарлық мұнай өңдеушілер үздік жүзуші және үздік жеңіл атлет атақтарға ие болды.

 

Айта кету керек, Спартакиаданы ұйымдастырушылар ережелердің сақталуын қатаң қадағалады. Даулы және шиеленісті сәттер жедел шешілді. Жарыстар кәсіби спорттағыдай көріністі өтті деп айтуға болады. Айта кетерлігі, үлкен спорттың нағыз өкілдеріне, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ компаниялар тобындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем жұмыскерлерге шараға қатысуға рұқсат етілмеді.

Жарыстан кейін ұйымдастырушылар іріктеу кезеңінің қорытындысын шығарып, ҚМГ тамыз айында Атырауда өткізуді жоспарлап отырған Спартакиада финалистерінің құрамын анықтады.

Ойындардың жеңімпаздары - ПМХЗ қызметкерлері де аталмыш жарыстардың финалына шықты. Осы ортақ жеңістерге қомақты үлес қосқан зауыт құрамасының әрбір қатысушысына алғысымызды білдіреміз.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Фотосурет: Илья Величко


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу