«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
05.08.2022
179 просмотров
Павлодар мұнай-химия зауыты өзі тікелей битум сатпайды

ҚР Энергетика министрлігі ресурс ұстаушыларға арнап Жол битумын жеткізу жоспарын ай сайын бекітеді. Ресурс ұстаушылар дегеніміз мұнай және дайын өнімнің (битум, бензин және т.б.) иелері, оларға мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) мұнай өңдеу қызметтерін көрсетеді. Павлодар МХЗ ресурс ұстаушы емес екенін қаперіңізге саламыз.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнай өңдеу зауыттары битумды бекітілген Өндірістік бағдарламаларға сәйкес өндіреді және битумды жол-құрылыс ұйымдарға коммерциялық жолмен сатпайды.

Ресурс ұстаушылар битумды коммерциялық жолмен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ беретін тізімге сәйкес тікелей жол-құрылыс компанияларына сатады. Жол битумын жеткізу жоспары ресурс ұстаушылар тауар биржалары арқылы сатуға міндетті көлемді де (әрбір ресурс ұстаушы бойынша жоспарлы өндіруден 10%) қамтиды. Тауар биржалары арқылы сату «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңында қарастырылған.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ зауыттарының битум өндіру бойынша ең жоғары қуаты – жылына 800-850 мың тоннаға дейін (Caspi Bitum - 500 мың тонна және ПМХЗ – 350 мың тонна).    

2022 жылдың алты айында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының екі мұнай өңдеу зауыты 342 мың тонна битум - өндірді, соның ішінде Caspi Bitum – 198 мың тонна және ПМХЗ – 144 мың тонна.

Жоспар бойынша шілде-қараша айларында 391 мың тонна битум өндіріліп шығарылады (Caspi Bitum - 240 мың тонна және ПМХЗ – 151 мың тонна).

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның екі мұнай өңдеу зауытында 2022 жылы 733 мың тонна битум өндіріледі деп жоспарланып отыр. Осылайша, ҚМГ елдің жол битумына қажеттілігінің 67%-ын қамтамасыз етеді (ішкі нарықтың тұтынуы жылына 1,1 млн тонна есебі бойынша).

 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу