«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
04.07.2022
204 просмотров
ПМХЗ жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшелері АҚДМ вице-министрі Александр Даниловпен кездесуге қатысты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Александр Даниловпен диалогқа Павлодар мұнайхимия зауытының жас мамандары және «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирас Хамитов қатысты. Диалог тақырыбы әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік және жастардың әлеуетін іске асыру тәжірибелерін дамыту болды.

Жұмысшы жастар өкілдерінің ҚР АҚДМ вице-министрі Александр Даниловпен 2022 жылғы 30 маусымда өткен кездесуіне ПМХЗ атынан: мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторлары Даниял Әбілдин (ПМХЗ жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағасы), Асқар Тасболатов және Серік Бижігіт («Аманат», «Жас келешек» партиясы жастар қанатының төрағасы), ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторы Арыстан Нұрмұхамбет, ашық мұнай өнімдері өндірісінің технологиялық сорғылар машинисі Бисекен Қойшыбай (Кеңестегі спорт секторына жауапты) қатысты.

IMG_8942.jpg

Жастар ұйымдарының көшбасшылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жастар тәжірибелері мен студенттік өзін-өзі басқарудың даму келешегін талқылай алды. Вице-министр жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы, білім беру және жастарды жұмысқа орналастыру саласындағы қазіргі проблемалары жөнінде айтып берді.

«Біз айналысатын тәсілдемелерді, мақсаттарды, міндеттер мен өнімдерді толығымен қайта форматтағымыз келеді, өйткені қазір көп бұлыңғыр аймақтар бар. Бұлыңғыр аймақ дегеніміз не? Бұл, салыстырмалы түрде айтқанда, әртүрлі министрліктер жауап бере алатын әрекеттер бар болғанда, бірақ шын мәнінде нақты біреу ештеңеге жауап бермейді. Бұл ... кең мағынадағы жастар кәсіпкерлігінің мәселелері, бейресми білім беру мәселелері», - деп Даниловтың сөзін «pavlodartv.kz» ақпараттық порталы жеткізеді.

Конференцияға қатысқан ПМХЗ жастар ісі жөніндегі кеңесінің өкілдері жұмыс саласына неғұрлым тиімді кірігу үшін, барлық деңгейлерде: жоғары оқу орындарынан бастап кәсіподақтарға дейін күш-жігер жұмсау қажет деп санайды. ПМХЗ негізінде қосарлы оқытудың оң тәжірибесі туралы «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ төрағасы Мирас Хамитов айтып берді.

Ал технологиялық қондырғылар операторы, ПМХЗ Жастар кеңесі төрағасының орынбасары Арыстан Нұрмұхамбет пікірталастан алған келесі әсерлерімен бөлісті:

«Менің Павлодар қ. оқу-өндірістік комбинаты ұйымдастырған «Путевка в жизнь» кәсіби бағдарлау форумында жұмыс тәжірибем болды. Форумға 800-ден астам қатысушы жиналды. Сондықтан мен балалардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын ояту қаншалықты маңызды екенін түсінемін және кездесуде осы ойымды білдірдім. Сондай-ақ, мен мерзімді қызметке шақырылушыларға әскери пәндерден басқа қосымша жұмысшы мамандықтарын алу мүмкіндігін қарастыруды ұсындым. Еліміздің дамуы үшін бағдарды біз түсіндік, серіктестікке дайынбыз және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен әрекет күтеміз».

Конференцияға қатысушылардың пікірінше, жастардың санасымен жұмыс істеу маңызды кезең болып табылады, өйткені бұл санаттағы қызметкерлерді еңбек ортасына сәтті ендіру құндылықтарды қалыптастырудан басталады. Жастармен мұндай диалог жаңа буынның жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға баса назар аударуды көздейді, өйткені өнеркәсіптік индустрия бүгінде экономиканың жетекші секторы болып қала береді.

  

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Фотосурет: Вадим Белошенко

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу