«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
16.08.2022
517 просмотров
ПМХЗ үшін ҚМГ спартакиадасы бірнеше спорт түрлеріндегі жеңістермен аяқталды

2022 жылғы 11 тамызда Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 20 еншілес компанияларының қызметкерлері арасында төрт күндік Спартакиаданың жабылу рәсімі өтті, олардың қатарына Павлодар МХЗ спортшылары да кірді.

Биылғы жылы Спартакиада бірден екі айтулы оқиғаға – ұлттық компанияның 20 жылдығына және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орайластырылды, сондықтан жарыстың өтетін орны ретінде ҚМГ-ның көне мұнай және газ өндіретін ЕТҰ - ның бірі орналасқан Атырау қаласы таңдалды.

Іс-шараның бірінші күні спортшыларды жарыстың салтанатты ашылуына қатысу үшін Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық стадионына шақырды. Ашылған күні оларды ҚМГ аппарат басшысы Ерхан Омаров қарсы алып, командаларға сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тіледі. Бұдан кейін спорттық жарысқа қатысушыларды спорттың 9 түрінен: үстел теннисі, үлкен теннис, волейбол, баскетбол, жүзу, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ және жеңіл атлетикадан медальдар үшін үш күндік жарысы күтті.

Жарыстың мәресінде ауыр сынақтардан кейін іріктеу турларымен Қазақстанның мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай құбыры салаларының ең тұрақты командалары кездесті: «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС және «КазТрансОйл» АҚ.

Павлодар мұнайхимия зауытының спортшылары бірыңғай мақсат – жеңіске жету үшін өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетіп, лайықты деңгейде өнер көрсетті. Күш-жігердің нәтижесі бірден бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға әкелді. Күмісті волейболдан және баскетболдан кәсіпорынның ерлер командалары, сондай-ақ жүзуден - ПМХЗ-ның әйелдер командасы жеңіп алды. Павлодар зауытының спортшылары жеңіл атлетикадан, ерлер жүзуінен және әйелдер арасындағы шахматтан төртінші болды.

Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарды ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев құттықтап, барлық қызметкерлерге алғыс айтып, олардың «спорттағы және кәсіби саладағы нәтижелері өскелең ұрпаққа үлгі болатынын» атап өтті.

Ал біз өз кезегімізде, осы күрделі жарыстарда біздің кәсіпорынның намысын қорғаған ПМХЗ құрама командасының барлық спортшыларын құттықтаймыз және оларға спортта ғана емес, өмірде де, кәсіби салада да жеңістер тілейміз.

 «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен жасау байланыс бөлімі

Фотосурет: Илья Величко


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу