«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.08.2022
138 просмотров
ПМХЗ өз қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін жазғы демалысты ұйымдастырды

Павлодар мұнайхимия зауыты өз қызметкерлерінің қамын ойлайды. Ал жаз - күшіңізді қалпына келтіру үшін ең тиімді уақыт болғандықтан, биылғы жылы дәстүрлі түрде ПМХЗ қызметкерлеріне Павлодар облысының ең көркем жерлерінің бірі – Баянауыл ұлттық саябағында жазғы тамаша демалыс ұйымдастырылды.

Кәсіпорын жобаға қаржылық қолдау көрсетті, ал зауыт жұмысшыларының жазғы уақытта жайлы уақыт өткізуін ұйымдастыру бойынша барлық мәселелерді «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы өз мойнына алды.

Кәсіподақ бірлестігі Жасыбай көліндегі демалыс базаларын мұқият іріктеп, олардың төртеуімен: «Хақназар», «Золотые пески», «Самал» және «Сұлтан» демалыс орындарымен келісім-шарттарын жасады.

Зауыт өз қызметкерлері үшін барлық қажетті жағдайлар жасады: көлікті ұсынып, жаяу қашықтықтағы жағажайлары бар жайлы демалыс базаларында тұруды және күніне үш рет тамақтануды қамтамасыз етті.

Зауыт қызметкерлері мен олардың отбасылары күш жинап, табиғат энергиясымен қуаттану мүмкіндігін қуана пайдаланды. 

Жазғы маусым кезеңінде 2022 жылдың 13 маусымынан 10 тамызына дейін зауыт пен «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» ҚБ қолдауымен Баянауылда ПМХЗ-ның 414 қызметкері мен олардың 966 отбасы мүшелері демала алды. Осы жазда демалысын Қазақстанның оңтүстігіндегі Алматы және Шымкент қалаларындағы балалар лагерлерінде өткізген зауыт жұмысшыларының балалары да назардан тыс қалған жоқ.

   «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу