«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
04.09.2022
234 просмотров
Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, сіздерді Қазақстанның мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Күн сайын, әрқайсыңыз өз жұмысын сапалы орындай отырып, біздің кәсіпорынның және жалпы еліміздің мұнай өңдеу өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосып отырасыз. Сіздің еңбегіңіздің арқасында, Павлодар мұнайхимия зауыты жылдан жылға ең күрделі өндірістік міндеттер мен уақыттың сын-қатерлерін көтеруде. Осы адалдығыңыз бен жоғары кәсібилігіңіз үшін рахмет.

«ПМХЗ» ЖШС-нің, сервистік компаниялардың барлық қызметкерлеріне, кәсіпорынның ардагерлері мен серіктестеріне амандық, зор денсаулық, мақсатқа жетуді, табыс пен мансаптық өсуді тілеймін!

 

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Бас директоры

                                                                                                       Қуаныш Бишімов

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу