«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
01.09.2022
178 просмотров
Зауыт қызметкерлерінің балаларына арналған экскурсия ПМХЗ-да өтті

2022 жылдың 25 тамыз күні ПМХЗ қызметкерлерінің балалары үшін әдеттегідей күн болмаған. Өзінің кәсіби мерекесі – ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында – кәсіпорын балаларды ата-аналарының күн сайын еңбек ететін орнымен таныстыру үшін оларға шағын экскурсия ұйымдастырды. Қызықты саяхат бағдарламасы зауыт аумағын, оқу орталығын, сондай-ақ ПМХЗ мұражайын қамтыды.

Кәсіпорын жұмысының ішкі жағынан қалай құрылғанын кейбір жас қонақтар алғаш рет өз көздерімен көрді. Олардың қауіпсіздігі үшін зауыттың әсерлі қондырғылары автобус терезелері арқылы көрсетілгеніне қарамастан, олардың тарапынан таңданыс пен шаттыққа шек болмады.

Сапар барысында балаларға ПМХЗ, түрлі мамандар жұмысының ерекшеліктері, енгізіліп жатқан жаңалықтар мен инновациялар туралы қызықты деректер айтылды.

Оқу орталығында балаларға компьютерлік тренажерлері бар арнайы оқу сыныптары көрсетілді, онда ата-аналар өз шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін арттырады.

Қонақтар зауыт тарихы өмір сүретін орын – ПМХЗ мұражайына да барды. 

1978 жылы алғашқы іске қосылғаннан бастап ең маңызды сәттер туралы ақпарат мұражай құжаттарында мұқият сақталады. Балалар көркем стендтерге қызығушылықпен қарап, сұрақтар қойып, зауыт қызметінің ауқымдылығы мен маңыздылығын дәл бүгін түсінгендері туралы өз жаңалықтарымен бөлісті.

Шағын сапардың соңы - аналары мен әкелері күн сайын түскі ас ішетін зауыттық асханада тәттілермен шай ішу болды.

Біз бұл экскурсия өскелең ұрпақтың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырып, балалардың мамандық таңдауына әсер етеді және, мүмкін, олардың біреуі үшін аймақтың жетекші кәсіпорындарының бірінде болашақ еңбек жолының бастауы болады деп үміттенеміз.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу