«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
09.09.2022
154 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері  «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті

Павлодар қаласы - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы VII спартакиаданың финалдық төртінші іріктеу кезеңіне қатысқан спортшылардың кездесу орнына айналды. Жарыс сегіз спорт түрінен құрылған және Павлодардың үш алаңында өтті.

2022 жылғы 27 және 28 тамызда компаниялар мен кәсіпорындардың спортшылары стритбол, волейбол, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, шахмат, арқан тарту, армрестлинг және шағын футбол бойынша үздіктерді анықтады.

Спорт алаңдарында жүлделі орындар мен медальдар үшін қызу күрес жүріп жатты: «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-1 станциясы» АҚ, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ спортшыларының ешқайсысы да берілгісі келмеді.

ПМХЗ командасы бұл жолы да өз қоржынына көптеген медаль жинап, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты, өйткені өз үйім – қорғанысым екені хақ.

Аралас волейбол командасы 1 орынға ие болды. 

Стритбол командасы да ең жақсы нәтиже көрсетіп, 1 орынға ие болды. 

Үстел теннисінде зауытта ерлер арасында 1 орын және әйелдер арасында 2 орын бар. 

Шахматта ПМХЗ әйелдеріне тең болмады, нәтижесінде 1 орын.

Армрестлинг бойынша жарысқа қатысушыларда бірден бірнеше жүлделі орындар: 2 орын 65 кг және одан жоғары салмақ дәрежесіндегі әйелдер, 3 орын 65 кг дейінгі әйелдер, 4 орын 80 кг дейінгі ерлер және 4 орын 80 кг және одан жоғары салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында. 

Арқан тартуда Павлодар МХЗ командасы қолаға ие болды.

Әйелдер арасындағы тоғыз құмалақ ойыны барысында күміске қолжеткізді, ал ерлер арасында 4 орын алды. 

Мини-футбол құрамасы турнир кестесінің төртінші қатарын иеленді.

Біздің қызметкерлерімізге жеңіске деген ерік-жігері үшін алғысымызды білдіреміз және жүлделі орындардың барлық иелерін табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу