«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.09.2022
193 просмотров
Қазақстан Республикасының  энергетика министрі Болат Ақшолақов ПМХЗ-ға барып қайтты 2022 жылдың 24 қыркүйегінде Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының аясында еліміздің энергетика министрі Болат Ақшолақов жергілікті тұрғындармен кездесіп, аймақтың ірі өнеркәсіптік объектілерін аралап қайтты. Олардың қатарында Павлодар мұнай-химия зауыты да болды.

Энергетика министрі Павлодар облысына халықпен кездесу, өңірдің отын-энергетика кешеніндегі жағдай жөнінде айту, сондай-ақ өндіріс объектілерінің жұмыс процестерімен танысу мақсатында келді.

Болат Оралұлы Екібастұз ЖЭО «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Нефтехим ЛТД» ЖШС басшыларымен кездесіп, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға барып қайтты.
ПМХЗ бас директоры Қуаныш Бишімов энергетика министріне зауыттың өндірістік көрсеткіштерінің орындалуы мен ағымдағы қызметі туралы баяндады. Ол Болат Ақшолақовқа қазіргі уақытта кәсіпорынның барлық қондырғыларының штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын және жүктелген міндеттердің орындалуына дайын екенін хабарлады.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу