«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
10.10.2022
179 просмотров
ПМХЗ және мердігер компаниялардың қызметкерлері экологиялық сенбілікке қатысты

2022 жылдың 17 қыркүйегінде павлодарлық мұнай өндеушілер Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі жыл сайын өткізетін «Birge – taza Qazaqstan» науқанын қолдап, ПМХЗ-ның санитарлық-қорғау аймағын қоқыстан тазартты.

Күз әдеттегідей Павлодар облысының барлық аумақтарын көріктендіру мен тазалау жұмыстарынан басталады. Жыл сайын осы кезеңде зауыт қызметкерлері де түрлі экологиялық шараларға белсене қатысады.

Кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін «Семсер-өрт сөндіруші» ЖШС, «ЭОН энерго» АҚ, «HR ОЦО «Самұрық Қазына» ҮО, «АБ «URPAQ VIP» ЖШС, «ENERGY SERVICE-PVL» ЖШС, «AVC Production» ЖШС, «КМГ Кумколь» ЖШС, «МегаСтройПлюс» ЖШС, «Медикер-ПМ» ЖШС, «Продмастер ПВ» ЖШС, «SANTRADE» ЖШС және «Тотал Сервис» ЖШС сияқты аутсорсингтік компаниялардың қызметкерлері зауыт жұмысшыларымен бірігіп, ПМХЗ санитарлық-қорғау аймағын тазалап шықты. 

Сондай-ақ шара барысында облысымыздың жасыл қорын ұлғайту бағдарламасы аясында қарағайдың 64 көшеті отырғызылды.

Күздің алғашқы сенбілігіне ПМХЗ мен мердігер компаниялардың 250 жұмысшысы қатысып, арнайы техниканың 10 бірлігі жұмылдырылды. Жемісті жұмыстың нәтижесінде 10 тонна қоқыс жиналып, қалалық қоқыс орнына апарылды.

Зауыт пен сервистік ұйымдар қызметкерлері қала тұрғындарын экологиялық науқандарға белсене қатысуға шақырады. Себебі тек бірлесу арқылы ғана біз жаңа экологиялық мәдениет қалыптастырып, қаламызды таза әрі көрікті ете аламыз.

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу