«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
11.10.2022
180 просмотров
ПМХЗ өндіріс ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады

Жыл сайын Халықаралық қарттар күні қарсаңында павлодарлық мұнай өңдеуші ардагерлер ПМХЗ басшылығы мен ұжымының, «Нефтепереработчик» Жергілікті кәсіподақ» ҚБ-ның ыстық лебіздері мен сыйлықтарын қабыл алады.

Кәсіпорынның Ардагерлер кеңесіне 730 адам кіреді. Денсаулық жағдайына байланысты үйден шыға алмайтындар үшін азық-түлік жиынтықтары мен материалдық көмекті тұратын жерлеріне дейін жеткізу ұйымдастырылды. Қалған қарияларды Павлодар облыстық А.П. Чехов атындағы драма театрында қарсы алды. 

Қонақтарды мерекемен құттықтап, ең басты байлығымыз – денсаулық тіледі. 

Ардагерлер кеңесінің алдынғы қатарлы мүшелерін ПМХЗ басшылығы белсенді өмірлік ұстанымы және қаланың қайырымдылық пен спорт шараларына қатысқаны үшін салтанатты түрде алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында:

Лидия Антоновна Шаповалова,

Татьяна Владимировна Мироненко,

Тамара Анатольевна Ситалова,

Владимир Иванович Фартов,

Еркен Мухтарович Камитов.

Юрий Александрович Гусельников,

Турсынбай Жанбекович Дюсенов,

Людмила Ивановна Евтодиенко,

Олег Витальевич Кучер,

Галина Николаевна Кусова,

Газиля Хабиевна Малойло,

Ванда Францевна Олехнович,

Василий Дмитриевич Таран,

Валерий Борисович Соромотин,

Валентина Георгиевна Шалденкова.

 

         Мерекелік сыйлық ретінде Павлодар облыстық А.П. Чехов атындағы драма театрының актёрлары Сергей Беловтың «Мамуля» комедиясын сахналады. Шақырылған ардагерлер құттықтаулар мен сыйлықтарға, актёрлардың шебер ойындарына риза болып қайтты. 

Аға буын өкілдеріне құрмет пен қамқорлық көрсету Павлодар мұнай-химия зауыты әлеуметтік қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Фотосурет: Михаил Брюховец

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу