«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
12.10.2022
161 просмотров
 ПМХЗ өнеркәсіптік ағындылар жітісі бақылауда

«ПМХЗ» ЖШС өндірістік қызметімен қатар экологиялық мәселелерге де көп көңіл бөледі. Соңғы уақытта жүзеге асырылған жобалардың ішінен «Сарымсақ» жинақтауышына тазартылған ағындарды шығаруға арналған құбыржолдарды қайта құру жұмыстарын атап өтуге болады.

Кәсіпорынның тазартылған ағынды суларының шығарылуы су объектілері мен бедерлі аймақтарда жүзеге асырылмайды. Зауыттың тазартылған ағынды сулары табиғи ащы-тұзды көл негізінде жасалған құрылым болып табылатын «Сарымсақ» жинақтауышына бағытталады. «Павлодар мұнай-химия зауытының өнеркәсіптік ағындыларын жинақтаушы тоған» құрылыс жобасы мәліметтері мен Павлодар қаласының санитарлық-эпидемиялық станциясының 29.02.1996 ж. шыққан №1/5 қорытындысына сәйкес Сарымсақ – суару, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ашық су алу жүргізілмейтін, сонымен қатар бұқаралық демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланылмайтын жабық типті су қоймасы болып табылады. Ағынды су тоғаннан өзендерге немесе басқа объектілерге жіберілмейді.

Жинақтауыш зауыт аумағынан 14 км жерде орналасқан. Оның жер көлемі 606,1 га-ны құрайды. Ол 1979 жылы пайдалануға берілді. Ағынды сулар мұнда механикалық және биологиялық тазартудан кейін келеді. Оның тиімділігі белгіленген жылдық нормамен салыстырғанда ластаушы заттардың жалпы шығарындыларын 75%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Ағынды суды ағызатын құбыр құрылыс басталғаннан бері жердің үстімен өтетін. Алайда 2021 жылы ағынды суларды ағызуды оңтайландырылған жер асты құбырын тарту жобасы аяқталды. Бүгінде металл құбырлар полиэтиленге ауыстырылып, толықтай жаңартылды. Бұл тозу және коррозия қаупін жояды. Құбыр үш метрден астам тереңдікте орналастырылды. Аталмыш шешім экологиялық тұрғыдан алғанда, құбырдың аязға шыдас бермеу қаупін, құбыр жарылыстарының орын алу ықтималдылығы мен топырақ жамылғысына төгілу қаупін азайтты.

Жинақтауыш – бұл тек көлдің өзі ғана емес, бұл – құрылыстар мен коммуникациялар кешені. Оның құрамына жинақтауыш бөгет, «жердегі қабырға» жылыстауға қарсы пердесі, апаратын жол, бақылау ұңғымалары, санитарлық-қорғау орман алқабы кіреді. Бұл кешен мен оның коммуникациялары зертхана қызметкерлерінің және Павлодар мұнай-химия зауытының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің, сондай-ақ келісім-шарт негізінде суды тазарту, техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды пайдалану бойынша қызмет көрсететін «ENERGY SERVICE-PVL» ЖШС сервистік ұйымының тұрақты бақылауында болады. Ал зауыттың тазарту құрылыстарынан сарқынды суларды ағызуды есепке алу үшін тазартылған ағынды суларды айдау бойынша сорғы станциясында орнатылған құрылғылар қолданылады.

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Фотосурет: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу