«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
14.10.2022
180 просмотров
Павлодар тұрғындарына IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді

19 қыркүйек күні «Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК, "Қазпошта" АҚ өкілдері Павлодар мұнай-химия зауыты қызметкерлерінің, Павлодар қаласы мен Павлодар облысы жұртшылығының алдында IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін таныстырды. Іс-шараның спикерлері де қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері болды.

 

Сарапшылар жұртшылықты «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. 

Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» өкілдері IPO ұлттық компанияларды жекешелендірудің ең ашық тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, болжам бойынша биржаға шыққаннан кейін бақылау және компанияларды басқару «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекет жағында қалады.

«IPO - жекешелендірудің ең ашық тәсілдерінің бірі, ол инвесторларға, соның ішінде халыққа да, оған қатысуға мүмкіндік береді. Ол Қордың ірі ұлттық компанияларын бәсекелестік ортаға берудің қолайлы тәсілі болып табылады», - деп атап өтті Қордың стратегия және қаржы-экономикалық активтерді басқару департаментінің аға менеджері Қанат Әбдірахманов.

Брокерлік ұйымдар тарапынан спикерлер әлеуетті инвесторларды алаяқтық қаупі туралы ескертті және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, KASE Қазақстан қор биржасының және Astana International Exchange (AIX) биржасының сайттарында брокерлердің лицензиясын тексеруді ұсынды.

Еске саларлық, дәл осылай 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ мамандандырылған ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.

Анықтама:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ 7 ірі активі ішінара бәсекелі ортаға шығарылады, олардың 6-ы IPO арқылы шығарылмақ. «ҚазМұнайГаз» IPO-сы осы жылға жоспарланған, олар AIX және KASE алаңдарында жарияланады.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу