«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
17.10.2022
205 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған Спартакиада суперфиналының жүлдегерлері атанды

Тамыз айының соңында Павлодар қаласы 4 алаңның бірі ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері арасында ұйымдастырылған VII Спартакиаданың төртінші іріктеу кезеңін өткізген. Бір айдан кейін жеңімпаздар суперфиналда бақ сынасты. ПМХЗ-ның үздік спортшылары да олардың сапын толықтырды.

24-25 қыркүйек аралығында Қазақстанның бас қаласының Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлер қатарының үздік спортшылары додаға түсті. Командалар әр түрлі спорт түрлерінен: мини-футбол, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту, тоғыз құмалақ және қол күресі бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Суперфинал ойындары басталар алдын «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Мұндай қолдау спортшыларға шабыт беріп, жеңіске деген ұмтылысын арттыра түскендей. Жарыс өте тартысты әрі әсерлі болды. Турнирдің бас кубогын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қанжығасына байлады. Командалардың жалпы нәтижесі үздік болып танылды.

ПМХЗ қызметкерлері Суперфиналдағы жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалып, бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға ие болу нәтижесінде ортақ жеңіске өз үлестерін қосты:

Ер адамдар арасындағы үстел теннисі бойынша 1 орын ПМХЗ-ға бұйырды. Дастан Жұмалиев жеңімпаз атанды.

2 орынға ПМХЗ-ның стритбол командасы ие болды.

Әйелдер арасындағы армрестлинг спорт түрінен (65+ салмақ категориясы бойынша) зауыт қызметкері Ольга Деревягина 2 орын алды.

Біз спортшыларымызды мақтан етеміз. Оларға керемет нәтиже көрсеткені үшін алғыс айтып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында өткен VII Спартакиададағы жалпы жеңісімен құттықтаймыз!


Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Фотосурет: Илья Величко

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу