«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
30.12.2022
263 просмотров
Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті достар, келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

2022 жыл да өз мәресіне жетті. Қорытындылай келсек, бұл жыл біздің кәсіпорын үшін сәтті болды деп айтқым келеді. Өтіп бара жатқан жылы өндіріс үдерісінің көрсеткіштеріне қол жеткіздік. Зауыттың әлеуметтік өмірі қызықты оқиғаларға, спорттық жеңістерге және қызметкерлердің кәсіби саладағы жетістіктеріне толы болды.

Мен Павлодар мұнайхимия зауытының ұжымына үйлесімді жұмысы, адалдығы және кәсіпорын өміріне белсенді қатысқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз алдымызға жаңа батыл мақсаттар мен міндеттер қоямыз және оларды алдағы жылы жүзеге асырамыз деп сенемін. Жаңа жыл мүмкіндіктер мен жетістіктердің есігін ашып, бақыт сыйласын, өмірді қуанышты сәттерге толтырып, отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, жан жылуын әкелсін.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

бас директоры

Қ. Бишімов

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу