«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
11.01.2023
326 просмотров
Газ желісі ұйымдарының сұйылтылған көмірсутекті газды уақытылы шығармауы

Газ желісі ұйымдарының сұйылтылған көмірсутекті газды уақытылы шығармауына байланысты ПМХЗ сұйытылған газдар паркінің толуы орын алды

«ПМХЗ» ЖШС сұйытылған газ парктерінде орналастыруға болатын СКГ максималды массасы - 3600 тоннаны құрайды. 2023 жылғы 11 қаңтардағы 0 сағатқа берілген мәліметке сәйкес ПМХЗ парктерінде 2857 тонна СКГ болды. Бұл ретте кәсіпорындағы СКГ-ның тәуліктік өндірісі 1000-1050 тоннаны құрайды.

Қолданыстағы үрдісті сақтаған жағдайда ПМХЗ сұйылтылған газ өндірісін тоқтату үшін бірқатар технологиялық қондырғыларды тоқтатуға мәжбүр болады. Бұл жағдай бензин мен дизель отынын өндіру көлемін қысқаруға да әкеледі.

Бекітілген өндірістік бағдарламаның орындалуына кедергі келтірмеу үшін, ПМХЗ басшылығы Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу облыстары және Алматы қаласының әкімдіктерінен 2023 жылғы қаңтарға арналған тауар биржаларынан тыс СКГ жеткізу жоспарына сәйкес, сұйылтылған көмірсутекті газды «ПМХЗ» ЖШС-дан уақытылы шығаруға жәрдем көрсетуді сұрайды.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 

жұршылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу