«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
13.02.2023
265 просмотров
Сутегі өндіру қондырғысында жөндеу аяқталды, іске қосу операциялары жүруде, ЖЖМ жөнелту – жоспар бойынша

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де (ПМХЗ) «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысынан ақау табылып, дизель отынының өндірісі уақытша тоқтады.

2023 жылғы 10 ақпанда сутегі өндірісінің көлемі төмендеп, технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары басталды.

2023 жылғы 13 ақпанда жөндеу жұмыстары аяқталып, сутегі өндіру қондырғысында іске қосу шаралары басталды. 14 ақпанда дизель отынының өндірісі қайта басталады.

Ақау табылған уақытта ПМХЗ-да дизель отынының қоры 20 мыңнан астам тонна болды. Бұл кәсіпорынға жөндеу жұмыстары аяқталғанша жоспар бойынша тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жөнелтуге мүмкіндік береді.

Зауытта автобензин өндірісі қалыпты, өнім жоспар бойынша жөнелтілуде – тәулігіне 5,5 мың тоннаға дейін.

Сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделеді. Осылайша, ПМХЗ көктемдегі егіс дала жұмыстары басталғанда дизель отыны өндірісінің жоспарлы көлемін қамтамасыз ететін болады.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

жұртшылықпен байланыс бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу