«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
01.03.2023
287 просмотров
ПМХЗ тәуекел факторлары ескерілген жабдықты техникалық куәландыру (ТФЕТК) рәсімдерін енгізуге дайын 2023 жылғы 7 және 8 ақпанда «ПМХЗ» ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (ТЖМ ӨҚК), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және Павлодар МХЗ өкілдерінің Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарында қысыммен жұмыс істейтін сауыттар үшін тәуекел факторлары ескерілген техникалық куәландыру (TФЕТК) рәсімдерін қолдану мәселелері бойынша кездесу алаңына айналды.

2023 жылдың қаңтар айында елордада ТФЕТК рәсімдерін талқылау үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажановпен кездесу өтті. Еліміздің мұнай өңдеу кәсіпорындары ӨҚҚ төрағасын осы рәсімдерді өз өндірістеріне енгізуге дайын екендігі туралы хабардар етті. Ал ақпан айында құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері кірген комиссия Павлодардағы жағдаймен танысу үшін ПМХЗ-ға келді.

Бұл ресурстарды оңтайлы пайдалану және жабдықтың әрбір бірлігіне жеке көзқарас арқылы жабдықтың механикалық тұтастығын жоғалтуға байланысты тәуекелдерді тиімді басқару тәсілі ретінде өзін көрсеткен RBI (Risk Based Inspection – тәуекел факторы негізіндегі инспекция) әдістемесі туралы.

Владимир Родионов басшылық еткен ПМХЗ өндірістік активтерінің сенімділігі мен механикалық тұтастығын қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік органдардың өкілдерін және басқа қонақтарды тәуекел факторлары негізіндегі техникалық куәландыруға арналған жабдықты талдау рәсімімен таныстырды.

ПМХЗ мамандары Meridium APM бағдарламалық жасақтамасында жұмысын көрсетті. Meridium APM – жабдыққа RBI талдау жүргізуге арналған модульдерді қамтитын бағдарламалық кешен; нәтижелерді сақтауға, өңдеуге және тексерулерді басқаруды орындауға мүмкіндік беретін инспекция модулі; тұрақты нүктелер бойынша сауыт элементтерінің қалдық қалыңдығын өлшеу нәтижелері сақталатын және тоттану жылдамдығына базалық талдау және қалдық ресурсты болжау жүргізілетін қалыңдық өлшеу модулі.

Департаменттің механикалық тұтастық бөлімінің қызметкерлері ТФЕТК үдерістерін әзірлеу, 2021 жылдың қазан айында қызметкерлердің осы модульдерде жұмыс істеуге оқыту, қажетті техникалық әдебиетті сатып алу және аудару, сондай-ақ кәсіпорын қондырғыларындағы тоттану үдерістерінің аудиті бойынша жүргізілген алдын-ала жұмыстар туралы толығырақ айтып берді. Кәсіпорын қонақтары тоттану үдерістерінің белсенділігін төмендету бойынша қызметпен байланысты жұмыстарға ерекше қызығушылық танытты.

ПМХЗ-да 2019 жылдан бастап «Д.В. Сокольский ат. отын, катализ және электрохимия институты» АҚ тоттану контурлары, жабдықтың тозу механизмдері, мониторингтеу шаралары және тотығу тозуын азайту бойынша ұсыныстар көрсетілген кәсіпорын қондырғылары үшін тоттану паспорттары берілетін тоттану бойынша техникалық аудит жүргізеді. Осы техникалық аудиттің нәтижелері RBI талдауын жүргізу кезінде тікелей қолданылады.

Кездесуді қорытындылай келе, комиссия ҚР ТЖМ ӨҚК қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау басқармасының бас сарапшысы Саин Дәулетовтің жетекшілігімен «ПМХЗ» ЖШС-нің ТФЕТК-ға кезең-кезеңімен көшуге жоғары дайындығын атап өтті.

 

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Өндірістік активтердің сенімділігі мен механикалық

тұтастығын қамтамасыз ету департаментімен бірге

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу