«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
10.02.2023
297 просмотров
 ПМХЗ Сергей Калегаев атындағы баскетбол турнирінде жеңіске жетті

«ПМХЗ» ЖШС баскетбол командасы екінші жыл қатарынан Ақсу ферроқорытпа зауытының (АқсФЗ) баскетбол командасының бірінші жаттықтырушысы - Сергей Калегаевты еске алу жыл сайынғы турнирінің жеңімпазы атанды.

2023 жылы АқсФЗ - дәстүрлі турнирді ұйымдастырушылармен, жарысқа үш ұйымның өкілдері қатысты: «ПМХЗ» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Торайғыров университеті» КЕАҚ.

ПМХЗ командасы өткен жылы жеңіп алған кубокты сақтап қалды. Мұнай өңдеушілер өздерінің ең жақсы спорттық қасиеттерін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Турнир кестесіндегі орындар келесі түрде бөлінді:

1 орын – «ПМХЗ» ЖШС командасы.

2 орын – «Қазақстан алюминийі» АҚ командасы.

3 орын – Ақсу феррокорытпа зауыты. 

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу