«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
09.03.2023
349 просмотров
ПМХЗ кәсіпорын ұжымы мен Ардагерлер кеңесінің әйелдер қауымын құттықтады

Павлодар мұнайхимия зауыты өзінің қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің мүшелерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Зауыттың еңбек ұжымының әйелдер қауымына 7 наурызда облыс, қала әкімдіктерінен және «ПМХЗ» ЖШС басшылығынан лайықты наградаларды тапсыру рәсімімен әсерлі концерт ұйымдастырылды, ал Ардагерлер кеңесіндегі әйелдерге А. П. Чехов ат. драма театрында спектакль көрсетілді.

Көктемнің әйелдер және сұлулық мерекесі қарсаңында зауыттың 13 ару жұмыскерлері кәсібиліктері мен табысты еңбектері үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Облыс әкімі Асайын Байханов пен қала әкімі Ержан Иманзайыповтың құрмет грамоталарын:

Разия Қаратайқызы Теміржанова - кірме жолдарға қызмет көрсету өндірісінің 3-разрядты бағыттамалық постының кезекшісі (облыс әкімінің грамотасы).

Татьяна Борисовна Жадько - Орталық аппараттың бухгалтері (қала әкімінің грамотасы) алды.

Облыс және қала әкімдерінен алғыс хаттарды:

Әлия Батырбайқызы Мырзабаева - Өндіріс департаментінің мұнай өнімдерін экспорттау жөніндегі бас маманы (облыс әкімінен хат).

Ботагөз Ғалымбекқызы Амангелді - санитарлық зертхананың 5-разрядты химиялық талдау зертханашысы (қала әкімінен хат) алды.

 

ПМХЗ басшылығының Алғыс хаттарымен:

Наталья Владимировна Плотникова – ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.

Оксана Викторовна Дубик – мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің 5-разрядты тауар операторы.

Оксана Владимировна Ильяшенко – экономика және қаржы департаментінің жетекші экономисі.

Елена Анатольевна Гармазова – өндірістік активтердің жабдығына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді басқару департаментінің мердігерлік ұйымдармен жұмыс жөніндегі жетекші инженері.

Айман Жамбылқызы Смағұлова – Тәуекелдерді басқару және менеджмент жүйелерін дамыту бөлімінің біріктірілген менеджмент жүйелері жөніндегі маманы.

Марина Васильевна Карабовская - Бас энергетик бөлімінің инженер-энергетигі.

Ольга Викторовна Окульская – Персоналды басқару бөлімінің Кадрларды даярлау жөніндегі жетекші маманы.

Наталья Васильевна Сальникова – Өндіріс департаментінің жетекші инженер-технологы.

Вероника Андреевна Агапова – Еңбекақы төлеу бөлімінің еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженері марапатталды.

Ардагерлер кеңесінің әйелдерін зауыт жұмысшылары мен «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері А. П. Чехов ат. драма театрында құттықтады.

 

Сыйлықтар табысталғаннан кейін, павлодарлық актерлер оларға «Рамки приличий» спектаклін ойнады. Ал, театрдың көрермен залына келе алмағандарды үйде жылы лебіз білдіріп құттықтады.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосуреттер: Вадим Белошенко, Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу