«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
03.03.2023
267 просмотров
ПМХЗ «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысты

2023 жылғы 2 наурыз күні елімізде ауқымды «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды. Оқу-жаттығуларды өткізу мақсаты – 2023 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің (АҚМЖ) басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.

Республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде су басуға бейім елді мекендерде зарарлы салдарларды барынша азайтуға қол жеткізу үшін су тасқыны кезеңінде оқиғаларды дамытудың түрлі сценарийлері пысықталды.

Павлодар облысының оқу-жаттығулары Кенжекөл ауылында өткізілді. Оқу-жаттығулар басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру туралы сигналдан басталды. Оқу-жаттығуларға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, республикалық азаматтық қорғау қызметтері, әскери бөлімдер мен облыс кәсіпорындарының өкілдері, соның ішінде «ПМХЗ» ЖШС құтқарушылар командасы тартылды. Павлодар қаласының шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін кәсіпорын командасы Павлодар МХЗ және аутсорсингтік компаниялардың, атап айтқанда, «Тотал Сервис» ЖШС және «МегаСтройПлюс» ЖШС қызметкерлерінен тұрады.

 ТЖ жағдайларында ПМХЗ командасының жұмысы құтқару жұмыстарын орындау, үйінділерді қазу, зардап шеккендерді іздеу және алып шығу және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету болып табылады.

Павлодарлық мұнай өңдеушілер – командалық-штабтық оқу-жаттығулардың тұрақты қатысушылары. Ұжым әрқашан құтқарушыларды даярлаудың жоғары деңгейін көрсетіп келеді және де 2023 жылы өткен оқу-жаттығулар да жоғары деңгейде болды. ПМХЗ құтқарушылар командасы жиналу орнына уақытында толық құрамда келді және ТЖ кезінде өзінің тікелей міндеттеріне кірісуге дайын болды.

 

 «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу