«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
22.03.2023
233 просмотров
Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті әріптестер мен кәсіпорынның серіктестері!


Сіздерді тамаша көктемнің жаңару мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз табиғаттың оянуын бейнелейтін жаңа жылдың басы. Бұл күн баршаға ең жарқын эмоциялар мен жылы естеліктер ғана сыйлайды.

Біз Наурызды қанжығамызға байланған жеңістер мен болашаққа ауқымды мақсаттармен қарсы аламыз.

Осы мереке күні Сіздерге және сіздің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, молшылық пен жайлылық тілеймін.

Көктем сіздерді жылы жүзбен қуантсын, ал Наурыз жүректерге үміт ұялатып, тілектердің орындалуына және барлық жоспарлардың сәтті жүзеге асырылуына мүмкіндік берсін.

Бұл әдемі көктем мерекесі достық пен өзара сыйластық байланыстарын нығайта берсін!

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры

Қ. Бишімов


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу