«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
22.03.2023
203 просмотров
Наурыз мейрамындағы ПМХЗ киіз үйі қала жағалауын ккөріктендірді Павлодар мұнайхимия зауыты облыстың ірі кәсіпорындарымен бірге Наурызды жалпықалалық мерекелеуге қатысты. Зауыттың киіз үйі Павлодар жағалауының аумағын көріктендіріп, онда қала тұрғындарына дәмді тағамдар мен мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Елімізде Наурыз мерекесі 14 наурызда басталып, апта бойы қалада түрлі іс-шаралар өткізілді. Ал 22 наурызда, мерекелік аптаның соңғы күнінде әдемі киіз үйлер Ertis Promenade сахнасының жанындағы төменгі жағалауында тізіліп қойылды. ПМХЗ да Наурызды ауқымды мерекелеуге қатысты. 

Кәсіпорынның көрме киіз үйі өзінің ұлттық колоритті безендірілген жасауымен көздің жауын алды. Сондай-ақ, зауыт павлодарлықтар мен қала қонақтарына бауырсақтар мен тәттілер дайындады.

Мереке атмосферасын Павлодардың басты сахнасында өнер көрсеткен әртістер мен шығармашылық ұжымдар жасады, ал мұнай өңдеушілер мен мереке қонақтары белсенді қатысқан түрлі конкурстар жарқын эмоциялар сыйлады. Көктем мен табиғи жаңару салтанаты Наурыздың үздік дәстүрлерінде: көңілді әрі өте қызықты өтті.

  

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосуреттер: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу