«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
28.03.2023
413 просмотров
Аралас жекпе жектің атақты жауынгері Шавкат Рахмонов павлодарлық мұнай өңдеушілермен кездесті

2023 жылғы 28 наурызда Павлодар мұнайхимия зауытында кәсіпорын қызметкерлерінің белгілі спортшы Шавкат Рахмоновпен кездесуі өтті.

Мұнай өңдеушілер спортшыны 2023 жылдың 5 наурызында өткен Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 2855 аралас жекпе-жек турниріндегі жеңісімен құттықтау құрметіне ие болды. Онда қазақстандық және америкалық Джефф Нил арасындағы жартылай орта салмақтағы жекпе-жек өтті, бұл жеңістен кейін Шавкат UFC дүниежүзілік ұйымының жаңа рейтингінде алтыншы орынға көтерілді. Біздің отандасымыздың алдында Камару Усман, Колби Ковингтон, Хамзат Чимаев, Белал Мухаммад және Гилберт Бернс тұр.

ПМХЗ-да Шавкат Рахмоновқа экскурсия жасалып, ПМХЗ қызметкерлерімен - оның рингтегі жетістіктерінің жанкүйерлерімен блиц-кездесу ұйымдастырылды. Мұнай өңдеушілер жеңілмейтін жауынгермен қол алысып, оған соңғы жекпе-жектің қыр-сыры туралы сұрақтар қойып, суретке түсіп, қолтаңба алып, мансапта жаңа спорттық жетістіктерге жетуді тіледі.

Анықтама:

UFC - Ultimate Fighting Championship — АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан және бүкіл әлем бойынша аралас жекпе-жектерді өткізетін спорттық ұйым.

Шавкат Рахмонов 5 наурызда өткен әйгілі турнирде өзінің қарсыласын үшінші раундта қылғындыру тәсілімен жеңіп, өзінің кәсіби мансабында он жетінші жеңіске жетіп, әлі де жеңіліссіз қалып, көптеген әлемдік ринг жұлдыздарынан озып кетті.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосуреттер: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу