«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
10.04.2023
277 просмотров
«Үздік маман-2023»: ПМХЗ-да өз мамандығының үздігі кім аталмақ?

Жыл сайын өтетін «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы ПМХЗ-да 10 сәуірде басталады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша сайысқа технологиялық қондырғылар операторлары мен тауарлық операторлар, технологиялық сорғылар машинистері мен компрессорлық қондығылар машинистері және химиялық сараптама зертханашылары түспек.

Қатысушылар байқаудың бірнеше кезеңінен өту керек. Олардың алғашқысы – теориялық білімді тексеруге арналған компьютерлік тестілеу. Тест нәтижесі бойынша сұрақтың 60 және одан да көп пайызына дұрыс жауап берген қатысушылар келесі кезеңге жолдама алады. Бұл жолы зауыт қызметкерлері өз біліктіліктерін тәжірибе жүзінде дәлелдеуі тиіс. Қатысушыларға әр мамандық бойынша арнайы құрылған сараптау комиссиялары баға береді.

«Үздік маман-2023» сайысына қатысу өзін және кәсіби біліктілігін тексергісі келетіндер үшін күрделі сынақ болғанымен, жұмыс істейтін кәсіпорын мен «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының жұмыскерлерінің алдында өзін көрсетудің жақсы мүмкіндігі.

Зауыт қабырғаларында өткен байқау кезеңдерінің жеңімпаздары атанған үздік қызметкерлер түрлі мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу кәсіпорындарының өкілдері қатысатын сайыстың финалында зауыт намысын қорғап, бақ сынасатын болады.

Біз барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосуреттер (2022ж.): Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу