«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
12.04.2023
334 просмотров
Декларацияны қалай уақытылы тапсыру керек: МКД ПМХЗ қызметкерлеріне кеңес берді

2023 жылдың 12 сәуірінде Павлодар облысы салық қызметінің өкілі мағлұмдаудың жалпы ережелерін түсіндіру мақсатында ПМХЗ-ға келді.

ПМХЗ мыңнан аса адамды жұмыспен қамтитын облысымыздың ірі өнеркәсіптік кәсіпорыны болғандықтан, зауыттың комплаенс қызметі мағлұмдау процедурасын жан-жақты түсіндіру үшін тағы бір кездесу ұйымдастырды.

2017 жылдың 25 желтоқсанындағы № 121-VI "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 45-1 бабына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында кезең-кезеңімен өтетін жаппай мағлұмдау процедурасы енгізілді.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.

Бұл жөнінде зауыт қызметкерлерімен кездесу барысында Павлодар облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ильяшева Күлімхан Ерғалиқызы мәлімдеді.

Ол зауыт қызметкерлерін осы жылы енгізілген 250.00 нысанындағы жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация үлгісімен таныстырды. Кездесу барысында Күлімхан Ерғалиқызы нысанды толтыру ережелерін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ кейбір жұмысшыларға «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы декларацияларды толтыруға көмектесті.

Мағлұмдау процедурасынан сәтті өткен қызметкерлер енді әріптестері мен жақындарына кеңес беріп, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру тәжірибесімен бөлісе алады.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

 


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу