«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
16.05.2023
483 просмотров
ПМХЗ қызметкері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өкілдерінен құралған делегация құрамында Павлодар қаласының аутизмі бар балаларға арналған орталығына барды. 2023 жылдың 26 сәуірінде Павлодар қаласына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлерінен құралған делегация келді. «Ынтымақ» жобасын жүзеге асыру аясында Қордың портфельдік компаниялар делегаттары, соның ішінде мұнай-химия зауытының қызметкері Антон Бабенко Павлодардағы аутизммен ауыратын балаларға арналған орталыққа барып қайтты.

Павлодар қаласының аутизмі бар балаларға арналған орталық – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен осы жылы ашылған Павлодар облысындағы алғашқы әлеуметтік нысан. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялар қызметкерлері, солардың ішінде «ПМХЗ» ЖШС Мұнайды алғашқы өңдеу өндірісінің дизель отынын гидротазалау, керосинді күкіртті мұнайлардан тазалау қондырғысы басшысының орынбасары Антон Бабенко орталық жұмысымен танысып, қызметкерлерімен сөйлесіп, орталықтың кішкентай тәрбиеленушілерінің сабақтарына қатысып қайтты.

- Орталық шынымен де соңғы технологияларға сәйкес жабдықталған: балалардың ойлау қабілеттері және ұсақ моторикасын дамытуға барлық жағдай жасалған, ал ересектер үшін роботты техника, ағаш ұсталығы және қыш құмыра жасау кабинеттері, сондай-ақ тігін және музыка кабинеттері жұмыс істейді. Қор мұндай ұйымдарға көңіл бөле отырып, оларға көмектесу жолында үлкен жұмыс атқарып келеді. Бұл жұмысқа портфельдік компаниялар жастарының да атсалысқаны өте жақсы, өйткені Қазақстанның болашағы біздің қолымызда. «Самұрық-Қазына» қоры және оның портфельдік компанияларының осындай жобаларды қолдау мақсатында бүкіл ел көлемінде жеткілікті көлемде қаржы бөлетініндері қуантпай қоймайды,- деп Антон Бабенко іс-шарадан алған әсерімен бөлісті

Қайырымдылық шараларын іске асыру аясында 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Павлодар облысы бойынша жалпы сомасы 3 млрд 188 млн теңгеге 29 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды.

*Анықтама

«Ынтымақ» жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен портфельдік компаниялар мен еншілес ұйымдар кәсіпорындарының ұжымдарын жүргізіліп жатқан қайырымдылық шаралары туралы жедел хабардар ету мақсатында қолға алынды.

 

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу