«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
09.06.2023
364 просмотров
ПМХЗ ЖШС және «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС Халықаралық форумда ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

8 маусымда Қазақстанның елордасында «Астана 2023» ауқымды Халықаралық форумы өтті, оның барысында Павлодарлық МХЗ және «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» компаниясы (ЭЛМТГ) сутек өндіруге арналған инновациялық қондырғысының құрылысы бойынша келісімге қол қойды.

Келісімге қол қою «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы - Мағзұм Мырзағалиев пен өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылатын «Air Liquide» француздық химиялық компаниясының президенті - Франсуа Жаковтың бұрын сәтті жүргізілген келіссөздерінің арқасында мүмкін болды.

ПМХЗ мен ЭЛМТГ арасындағы жаңа келісім Павлодар мұнайхимия зауытының аумағында сутек өндіру қондырғысының құрылысы - маңызды жобаны іске асыруға негізін қалады. Бұл қондырғыны іске қосу жылына 160 мың тонна көлемінде қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның болжамды құны 80 млн еуроны құрайды.

ПМХЗ бас директоры Қуаныш Бишімов кездесу барысында зауыттың серіктесі – «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» компаниясына алғысын білдірді, ПМХЗ компаниялардың одан әрі жемісті серіктестігіне сенеді.

Анықтамалық ақпарат:

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС - Air Liquide және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірлескен кәсіпорны, қатысу үлесі тиісінше 75% және 25%, 2016 жылы құрылған, 2018 жылдан бастап компания Павлодар мұнайхимия зауытында сутек пен азот өндіру қондырғыларын пайдалануды табысты жүзеге асыруда.

 

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу