«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
08.09.2023
446 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауыты 45 жылдық мерейтойын атап өтуде Павлодар мұнайхимия зауыты 45 жылдық мерейтойын атап өтуде

Кәсіпорын 45 жылдық мерейтойына жеті өндіріспен, 1700 қызметкермен және жеті жаңа жобамен келді, олардың әрқайсысы іске асырудың әртүрлі сатысында.

Мерейтойлық салтанаттар бағдарламасы бойынша - ҚР Энергетика министрлігі, бейінді ведомстволар, «ҚМГ» ҰК» АҚ компаниясының өкілдері, ПМХЗ серіктестері мен кәсіпорын ардагерлері ресми түрде келді. Келушілерге зауыт бойынша экскурсия, мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің әкімшілік-тұрмыстық корпусы маңында мұнай өңдеушілер аллеясының ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ, құрметті қонақтар ПМХЗ негізгі өндірістік алаңдарын аралап, кәсіпорын жобаларын іске асыру мәртебесімен танысты. Экскурсияның орталық нүктесі битум шығару қондырғысының (БШҚ) жаңа пешін салу алаңы болды. Мерейтойға орай жоба 90%-ға аяқталды және пештің динамикалық жабдығының екі негізгі бірлігін сәтті сынақтан өткізді. Алда іске қосу-баптау, кешенді сынау және пештің шегендігін кептіру жұмыстары бар. Кезеңдердің әрқайсысы жоғары сапалы битумның үздіксіз өндірісін және шығарылуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Өзінің мерейтойлық жылында ПМХЗ жаңа жеті жобаның қалған алтауын да белсенді іске асыруда. Соның ішінде:сұйылтылған көмірсутекті газдарды тазарту қондырғысының құрылысы, парафинсіздендіру блогін біріктірумен дизель отынын гидротазарту қондырғысын қайта жаңарту, сутек өндіру қондырғысының құрылысы, мұнайды терең өңдеу өндірісін қайта жаңарту («SENIM-D» жобасы), т/ж цистерналарына жеңіл мұнай өнімдерін құюдың жаңа жүйсінің және көлемі 5000 м3 битумды сақтауға арналған жаңа сұйыққойманың құрылысы.

Жобалар шығарылатын өнімді жақсартуға, жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға, сұранысқа ие қысқы дизель отынын алуға бағытталған.

Мерекелік іс-шаралар 6 қыркүйекте Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өндіріс ардагерлерін құрметтеуден басталды, ал 8 қыркүйекте ҚМС-да салтанатты жиналыс жалғасын табады, онда үздік мұнай өңдеушілер марапатталады және кеш мерекелік концертпен аяқталады.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу