«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
09.10.2023
180 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауытының ұжымы экологиялық челлендж аясында сенбілік ұйымдастырды

Атыраулық әріптестерінен қабыл алған эстафетаны павлодарлық мұнай өңдеушілер сенбі күні Усолканың жағалауында жалғастырды. Зауыт қызметкерлері қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнын қоқыстан тазалап, 3 сағаттың ішінде 22 толы қап шығарған.

Шараны ұйымдастыруда Павлодар қаласының ТҮКШ бөлімі қол ұшын созды.

 

IMG_9458.jpg

-         Біз бұл экочелленджді Атырау мұнай өңдеу зауытынан ерекше құлшыныспен қабыл алдық. Өйткені Павлодар мұнайхимия зауыты бұған дейін де қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ қаламызды абаттандыру мен тазалығына аса ден қойып келді, - дейді Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Игорь Оноприенко.

 

IMG_9956.jpg

Павлодарлық мамандар бұл игі бастаманы басқа әріптестері де қуана қабыл алатынына сенімді. Сол себепті аталмыш экочелленджді «ПетроКазахстан Ойл Продактс» Шымкент мұнай өңдеу зауытына жолдады.

Қоса кететін жайт, ПМХЗ қызметкерлері челленджсіз де кәсіпорын аумағы мен облыс көлемінде үнемі өткізіліп тұратын әр түрлі экологиялық шаралар мен сенбіліктерге қатысады. Биылға бұл төртінші тазалық акциясы.

IMG_9420.jpg

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу