«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
10.10.2023
604 просмотров
ПМХЗ-да қысқы дизель отынын өндіру мақсатында негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізуге келісімшарт жасалды Қазақстан Республикасының ішкі нарығын отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытында қысқы дизель отынын өндіру жобасы қолға алынды.

Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын гидротазалау қондырғысын қайта құруды көздейтін қысқы дизельді өндіру технологиясының лицензиары және әзірлеушісі болып мұнай өңдеу технологиялары мен өнімдерді өндіру бойынша әлемдік көшбасшы Shell Global Solutions International B.V. компаниясы таңдалды.

Қайта құру жобасының мердігері EPCM Group болды. 

IMG_1302.jpg

Бұл компаниямен Павлодар мұнай-химия зауыты жұмыстардың толық көлемде отырндалуын қамтитын EPC келісімшартына қол қойды. Келісімшарт жобалауды, жеткізуді, құрылыс жұмыстарын, іске қосу мен жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ жаңартылған қондырғыны іске қосуды қамтиды.

Жобаны іс жүзінде іске асыру 2023 жылдың 10 қазанында жұмыс істеп тұрған дизель отынын гидротазалау қондырғысы үшін жаңа жабдықты жеткізу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін басталады. Бұл жабдық дизель отынының төмен температуралық қасиеттерін жақсарту үшін оны парафиннен арылтуға мүмкіндік береді.

Жабдықты жеткізу туралы келісімшарт Павлодар мұнай-химия зауытының EPC-мердігері мен «Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd» компаниясы арасында жасалады.

IMG_1319e.jpg

«Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd» мұнай-газ, ядролық және химия өнеркәсібі қажетті құрал-жабдықтарды өндіруде Қытай нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Зауыттың 2000-нан астам адам жұмыс істейтін 500 мың м2 аумағын алып жатқан жеке өндірістік цехтары бар.

Қытайлық «Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd» зауыты Павлодар мұнай-химия зауытына өндіру мерзімі ұзақ, яғни келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 12 айдан кейін, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізеді. Жоба аясында кәсіпорын келесі жабдықтарды шығарады: парафиннен арылту реакторы, вакуумдық колонна, сепараторлар, жылу алмастырғыштар.

Жоба аяқталғаннан кейін ПМХЗ әсіресе еліміздің солтүстік өңірлерінде жоғары сұранысқа ие, қату температурасы Цельсий бойынша минус 38 градусты құрайтын жоғары үшінші классты қысқы дизель отынын жылына кем дегенде 160 мың тонна көлемінде шығаратын болады.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу