«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.10.2023
199 просмотров
Мұнай өңдеушілер Республика күнін атап өтті

Мереке қарсаңында түрлі медальдармен, естелік төсбелгілермен, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрмет грамоталарымен өз ісіне адалдық танытқан зауыт қызметкері марапатталды.

«Мұнай-газ-химия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрмет грамоталарымен және естелік төсбелгілермен өз ісіне адалдық танытқан 6 зауыт қызметкері: Саятай Әліпбаев, Дүйсенбек Күжекбаев, Виталий Косинов, Татьяна Згурская, Наталья Гавриленко, Наталья Свинцова марапатталды.

         Кәсіпорынның 2 қызметкері Михаил Еремин мен Сәбит Әбдірахманов Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Павлодар мұнай-химия зауытының Құрмет грамотасымен зауыттың 8 қызметкері марапатталды. Олар: Дулат Табылбеков, Қайрат Айдаров, Александр Мубараков, Александр Губа, Евгений Медведев, Серік Сазданов, Асхат Хусаин, Флюра Яхина.

         «Еңбек жолы» республикалық байқауының қатысушысы Антон Бабенко «Үздік жас өндіріс маманы» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл байқауға зауыттың атынан Антоннан басқа тәлімгер Марат Шарыпов және Коняхиндер әулеті – әкесі Дмитрий мен ұлы Илья қатысты.

         Республика күні қарсаңында «Үздік Маман» кәсіби байқауында жоғары нәтиже көрсеткен мұнай өңдеушілер де назардан тыс қалмады. Олар: Нұрмәди Батырбек, Олег Хайрутдинов, Антон Бабенко, Арлан Шалдыбаев, Мирас Жүсіпбаев, Антон Алексеев, Александр Науман, Александр Лучининов, Александр Иващенко.

         Зауыт қызметкерлері өздерінің өнерлерін жұмыс орнынан басқа жерлерде де көрсетіп келеді. Мәселен, Тілдер күніне арналған шарада қазақ тілінен ашық диктантқа мұнай-химия зауытының 22 қызметкері қатысып, оның 8-і тамаша нәтиже көрсеткен. «5» және «4» деген баға алған диктант жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото: Рустем Ануарбеков

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу