«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
25.12.2020
153 просмотров
ПМХЗ экспортқа шығарылатын өнім түрлерін кеңейтті

Павлодар мұнайхимия зауыты жекелеген компонент ретінде ауыр газойлды шығару арқылы өнім түрлерін кеңейтті.

«ПМХЗ» ЖШС-да экспорттық өнім - өндірістің көптеген салаларында сұранысқа ие техникалық көміртек үшін шикізаты ретінде қолданылатын ауыр газойлдың өндірісін бастады.

Ауыр газойлды жеке компонент ретінде өндіру оны Ресейдегі және ТМД елдеріндегі техникалық көміртек өндірушісі - «Омсктехуглерод» ЖШҚ-ға сату мүмкіндігімен байланысты. Бұл компания мұнай өнімін экспортқа шығару үшін тапсырыс беруші болды. ПМХЗ шығаратын техникалық көміртекке арналған шикізат біздің омбылық серіктестер қолдану үшін толығымен техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді.  

2020 жылы 23 желтоқсанда каталитикалық крекингтің ауыр газойлінің бірінші партиясы 500 тонна көлемінде тұтынушыға тиеліп жіберілді.

 Анықтама үшін:

Техникалық көміртегі шикізаты бұрын тауарлық мазутты дайындауға қолданылған компоненттен өндіріледі. Техникалық көміртегі шикізатын өндіру мұнай жеткізушілері үшін мұнайды өңдеудің табыстылығын арттыруға, сондай-ақ мұнайды өңдеу тереңдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Техникалық көміртек резеңке бұйымдар өндірісінде, шиналар өндірісінде, пластикалық массалар, бояулар мен тонерлер өндірісінде сұранысқа ие.

   «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу