«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
22.05.2023
210 просмотров
ПМХЗ өздері ұйымдастырушы болған Павлодар облысының өндірістік ұжымдары арасында өткен баскетболдан турнирдің жеңімпазы атанды

Кәсіпорында жарияланған «Денсаулық жылының» аясында 2023 жылдың 16 мамырында ПМХЗ зауыт ұжымдары мен облыс мекемелерінің арасында баскетбол спорт түрінен жарыс ұйымдастырды.

  Турнирге «ПМХЗ» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Павлодар облысының мемлекеттік қауіпсіздік департаменті мен «Динамо» спорт қоғамының командалары қатысты. Барлық ойыншылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсете білді. Алаңда тіпті еліміздің ұлттық лигасында ойнаған тәжірибелі баскетболшылар да болды.

Ақтық ойында үнемі бақталасқа түсіп келетін ПМХЗ мен АФЗ командалары кездесті.

- Осы жолы біз қарсыластарымыздан мықты болып шықтық, - дейді турнирдің қорытындысы жайлы Павлодар мұнай-химия зауыты командасының ойыншысы Қаныш Демесинов.

Соңғы ысқырықтан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Ойын нәтижесі бойынша, үшінші орын «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға  бұйырса, екінші орынды Ақсу ферроқорытпа зауытының спортшылары иемденді. Ойынның жеңімпазы Павлодар мұнай-химия зауытының командасы атанды. Сондай-ақ жеке номанациялар бойынша қазылар алқасы үздік ширатушыны (Артём Носков, «Қазақстан алюминийі» АҚ), үздік шабуылшыны (Дмитрий Чуженьков, АФЗ) және үздік орталық шептегі ойыншыны (Рустам Галимов «ПМХЗ» ЖШС) атап өтті.

Павлодар мұнай-химия зауытының жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 

Фото: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу