«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
21.11.2023
394 просмотров
ПМХЗ-да өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

         2023 жылдың 21 қарашасында ПМХЗ-ның сұйылтылған газдар паркінде зауыттың жедел әрекет ету қызметтерінің ТЖ-ға дайындығын және олардың Павлодар облысының ТЖД бөлімшелерімен өзара әрекеттесуін тексеруге мүмкіндік берген өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Модельденген жағдайға сәйкес СГП резервуарларының бірінде пропанның жалындап жануы орын алды. ТЖ қызметіне өрт жайлы хабар түскеннен кейін оқиға орнына өрт сөндіру қызметі күштері мен арнайы техника жіберілді.

Оқу жаттығуға «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ (ӨСжАҚЖҚ) жеке құрамы мен техникасы, сондай-ақ «Семсер-Өрт сөндіруші», «Медикер – өнеркәсіптік медицина» ЖШС, «Күзет-Павлодар» ЖШС, «Тотал Сервис» ЖШС және ПМХЗ қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.

Шартты өрт қысқа уақыт аралығында сөндірілді. Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ басшысының м.а. Д.Н. Қыдырмоллаев және «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының басшысы Б.Б. Закирьянов жұмылдырылған күштердің жылдамдығы мен жұмыстарындағы үйлесімдіктерін ерекше атап өтті.

 «ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 

Фотосуреттер: Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу