«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
14.07.2023
241 просмотров
ПМХЗ ҚазМұнайГаз спартакиадасының 4 спорт түрі бойынша жеңімпазы атанды

     2023 жылдың 9-14 шілдесі аралығында Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкерлері жыл сайын Ақтау қаласында өтетін ҚазМұнайГаз спартакиадасына қатысып қайтты. Спорттық сайыста ҚМГ 36 еншілес компаниясынан 2500-ден астам спортшы-мұнайшы өнер көрсетті.

      Спартакиаданың финалында зауытымыздың намысын 60-тан астам адам қорғады. Қатысушылар спорттық алаңдарда жеке және топтық біріншіліктердегі үздектерді анықтау мақсатында жиналды. Мұнайшылар баскетбол, волейбол, армрестлинг, тоғызқұмалақ, киберспорт, жүзу және үстел теннисі сияқты 7 спорт түрі бойынша спорттық дағдыларын көрсетті.

      Баскетбол мен киберспорттан өткен командалық ойындардың нәтижесінде ПМХЗ құрамасы 1-ші орынға ие болды. Баскетбол спорт түрінен жеңімпаз команданың құрамына Рустам Галимов (құюшы-қотарушы, МКТӨ), Қаныш Демесинов (құю-төгу эстакадасының басшысы, МКТӨ), Әділ Өгізбаев (технологиялық қондырғылар операторы, КӨжәнеЗШ), Темір Құрбаев (технологиялық қондырғылар операторы, АМҚӨӨ), Дмитрий Мацилевский (технологиялық қондырғылар операторы, МТӨӨ), Ғизат Бүркітбаев (технологиялық қондырғылар опреаторы, МТӨӨ), Досмұхаммед Советхан (технологиялық қондырғылар операторы, МБӨӨ) және Игорь Грибенников (ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы) ойнады.

     Киберспорттан үздіктер қатарында Қажымұқан Тасқынов (құюшы-қотарушы, МКТӨ), Бахтияр Бауыржанұлы (тауар операторы, АМӨӨ), Әділхан Мунеров (технологиялық қондырғылар операторы, МТӨӨ), Евгений Волокитин (компрессорлық қондырғылар машинисі, МБӨӨ), Павел Борисов (технологиялық қондырғылар операторы, АМҚӨӨ) және Әсет Смайылов (технологиялық қондырғылар операторы, МТӨӨ) болды.

         Армрестлингтен жеке біріншілікте әйелдер арасында (65 кг және одан жоғары) Ольга Деревягина (тауар операторы, АМҚӨӨ) үздік танылса, тоғызқұмалақ ұлттық ойынында Мерғалым Байшүкір (құюшы-қотарушы, МБӨӨ) жеңіске жетті.



    Сондай-ақ ерлер құрамасы волейболдан күміс иегерлері атанды. Бұл жеңістің себепкерлері Әсет Бәйтенов (құюшы-қотарушы, АМҚӨӨ), Рустам Беисов (технологиялық қондырғылар операторы, МБӨӨ), Олег Баркунов (технологиялық сорғылар машинисі, МТӨӨ), Азамат Жақыпов (құюшы-қотарушы, МКТӨ), Михаил Филиппов (тауар операторы, МКТӨ), Егор Дудкин (тауар операторы, КӨжәнеЗШ), Иван Новиков (технологиялық қондырғылар операторы, КӨжәнеЗШ), Тимур Калина (компрессорлық қондырғылар машинисі, МТӨӨ) болды.

         Ерлер мен әйелдер арасында өткен жүзуден жарыста да зауыт спортшылары жақсы нәтиже көрсете алды. Аталмыш спорт түрінен әйелдерден зауыт басқармасының жетекші экономисі Наталья Берсенева 2 орынға, ал ер адамдардан АМҚӨӨ технологиялық қондырғылар операторы Денис Зайкин 4-ші орынға ие болды.


      Үстел теннисінен болса, АМҚӨӨ технологиялық қондырғылар операторы Дастан Жумалиевке күміс бұйырды. 

       Құрамына жетекші есепші Мария Можанова, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жетекші инженер Анна Бенке, жетекші экономист Оксана Ильяшенко, мұнай өнімдерін жөнелту және мұнай жеткізушілермен жұмыс бөлімінің маманы Дария Сағитова, АМҚӨӨ тауар операторы Екатерина Деряева, есеп технигі Елена Розмазина, санитарлық зертхананың инженер-зертханашысы Маржан Ахметова, санитарлық зертхананың химиялық талдау  зертханашысы Арайлым Рүстемқызы кірген әйелдер волейбол құрамасы зауытты 4-ші орын алып қуантты. 

         ПМХЗ спорт пен салауатты өмір салтының дамуына қолдау көрсету арқылы мұнай өңдеуші спортшылардан жақсы нәтиже көрді. Мерейтойлық жылы ҚМГ спартакиадасында  керемет өнер көрсеткен ПМХЗ командасын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Павлодар мұнайхимия зауыты ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото Стасевская Натальянікі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу