«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
12.06.2023
215 просмотров
М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының студенттері ПМХЗ-ға келіп қайтты

Мерейтойлық жылы зауыт еліміздің білім беру мекемелерімен өзара әріптестікті жалғастырып келеді. Олардың бірі - ММУ қазақстандық филиалы.

         2023 жылдың 12 маусымында оқу тәжірибесі мен ғылыми-зерттеу жұмысының аясында аталмыш ЖОО-ның «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығының 2 курс студенттері ПМХЗ-ға келіп қайтты.

         27 студент пен тәжірибенің 4 жетекшісі үшін техникалық бөлімнің басшысы – бас технолог Маждай Ахметов, қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Игорь Оноприенко және кадрларды дайындау бойынша жетекші маман Ольга Окульская сияқты зауыттың техникалық мамандарының қатысуымен арнайы ашық дәріс ұйымдастырылды. 

        Қонақтарға кәсіпорынның негізгі технологиялық үдерістері, оның экологиялық саясаты және өндірістік экологиялық бақылау жайлы айтылды.

         Студенттер мен оқытушылар мұнай өңдеу технологиясына қызығушылық танытып, дәрістің барлық тақырыптары бойынша сұрақтарын қойды.

         «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
          Фотосуреттер-Анна Гронская
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу